Этникалық кәсіпкер қазақтардың құрылтайында не талқыланды?
Этникалық кәсіпкер қазақтардың құрылтайында не талқыланды?
14.09.2024
2468
13 қыркүйек күні Алматы қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен шетелдегі және Қазақстандағы кәсіпкерлердің қатысуымен «Отандастар» бизнес-форумы өтті.
Аталған іс-шараға АҚШ, Аустрия, Жапония, Иран, Қырғызстан, Қытай, Малайзия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ресей, Түркия елдерінен келген 50-ге жуық этникалықкәсіпкер қазақтар қатысты.
- Шетелде тұратын 3 миллионнан астам қазақ бар деп айтамыз. Олардың арасында іскер азаматтар жетерлік. Солардың ішіненбілім, өнер, медицина, өнеркәсіп, т.б. салалар бойынша ең мықтыларын шақырдық. Форумға 12 елден келген отандастарымыз қатысып жатыр.Алматыда тұңғыш рет өтіп жатқан «Отандастар» бизнес-форумының мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқанотандас кәсіпкерлердің басын қосу, бір-бірімен таныстыру, бірге жоба жасау. Таныстыру арқылы бір-бірімен байланыстарын нығайту.Сонымен қатар, шетелде және Қазақстанда тұратын кәсіпкерлердің кеңесін құру. Бұл кеңесті жаңа жобаларды талқылап, Қазақстаннан және шетелден инвестиция тарту сияқты мәселелердішешу мақсатында құрамыз - дейді, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акцонерлік қоғамының (КЕАҚ) президент кеңесшісіДидар Болат.
Форум екі сессияға бөлінді. Бірінші сессияда Қазақстанға бұрын көшіп келген қандас кәсіпкерлер «Қазақстанда бизнесті қолдау тетіктері мен тәжірибесі»тақырыбында сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ал екінші бөлімде әр елден келген қандас кәсіпкерлер атажұртпен іскерлік байланыстары туралы баяндады.
- «Отандастар» бизнес форумының негізгі мақсаты – біздіңэтникалық қандастарымызды Қазақстанға келіп кәсіп жасауға, кәсіп игеруге, мемлекеттің шағын және орта бизнесін дамытуға өзіндік үлесін қосуға шақыру. Сонымен қатар, бір-бірін қиындықтар мен лайфхактармен бөлісіп, жігерлендіру. Отандастар қоры көздеген мақсаттарына жетіп жатыр деп ойлаймын – дейді форум қатысушысы Дулат Тастекей.
Ұйымдастырушылардың айтуынша форум аясында айтылып жатқан ұсыныстар көп. Соның бірі «iQANAT»мектебішетелдегі қандас балаларды оқуға алуға дайын екендерін хабарлады. Іріктеуден өтіп, жеңімпаз атанған ең мықты балалрды Қазақстанға оқуға алып келу жоспарлануда.
- Өткен жылы жалпы Отандастар форумы ұйымдастырылды. Биыл бизнес форум өтіп жатыр. Келесі жылы ғалымдар конференциясын өткізу жоспарда бар. Жыл сайын әр бағытты қамту ойда бар. Бірақ осы форумда құрылып жатқан кәсіпкерлердің кеңесі енді жыл сайын жиналып тұрады. Осы жұмысты жалғастыруға отандастар қоры бар күшін салады – дейді Дидар Болат.