Этникалық қазақ Әділет Төлебаев Еуропа чемпионатында бейтарап тумен өнер көрсетеді

953
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Этникалық қазақ Әділет Төлебаев грек-рим күресінен Еуропа чемпионатында күреседі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Чемпионаттың бірінші күнінде 77 келіге дейінгі олимпиадалық салмақ дәрежесінде Төлебаев 1/8 финалдан бастайды. Қарсылас кейінірек анықталады. Егер 1/8-де жеңіске жетсе, Төлебаев осы салмақтың көшбасшысы Малхас Амоянмен кездесуі мүмкін.

Армениялық спортшы соңғы екі жылдағы Еуропа чемпионы, сондай-ақ 2021 жылғы әлем чемпионы атанды. Төлебаев Еуропа чемпионатында бейтарап ту астында өнер көрсетеді.

Төлебаев Әділет 1995 жылы Омбы облысы Русская Поляна ауылында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ресей чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Өткен жылы лицензиялық әлем чемпионатында өнер көрсеткен Төлебаев бірінші айналымда ирандық Мухаммадәлі Гераеиден жеңіліп қалды. Соңғы жылдары ол PWL кәсіпқой күрес лигасында өнер көрсетіп жүр.

Күрестен Еуропа чемпионатын Астана уақытымен сағат 22:00-де Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер