Анкарадан Астанаға жол тартқан түрік отбасы Ақтауға жетті

1293
Adyrna.kz Telegram
Фото: Саяхатшылардың жеке парақшасынан
Фото: Саяхатшылардың жеке парақшасынан

Түркиядан Қазақстанға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келе жатқан отбасы Ақтауға жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Анкара қаласынан Астанаға арнайы бара жатқан түрік саяхатшылары шағын автобуспен жолға шыққан.

Идил мен Бурак есімді ерлі-зайыпты екі жастағы ұлымен бірге Түркиядан 12-тамыз күні аттанса, бүгін Ақтаудың қонақжайлылығы мен табиғатына тамсанып, сапарды жалғастырды.

“Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұрақты жанкүйеріміз. Биылғы ойын бауырлас қазақ елінде өтетінін естіп қуандық. Келіп қатысуға Қазақстан туризм министрлігінен рұқсат алдық. Шағын автобус сатып алып, ішін алыс жолға жайлы етіп жабдықтадық. Көлігіміздің атауын жақсы ырымға балап «Көшпенді» деп қойдық. Бүгін атажұртымызда қонақасы жеген соң, Астанаға қарай шығамыз. Сапарымыздың көңілді әрі есте қаларлықтай өтіп жатқанына қуанып келеміз”, - дейді саяхатшы Бурак Дуран.

Түрік отбасы Ақтауға Бакуден кемемен жеткен. 31 тамыз күні түнде Ақтау теңіз портына түсті. Бауырлас ұлт өкілдері қаладағы қонақүйлердің бірінде тыныққан.

Ойынды тамашалауға келген жиһанкездер қазақ жерінде көрсетілген сый-құрметке риза болғандарын жеткізді.

Айта кетейік, түрік отбасы Астанаға дейін 5400 шақырым жол жүреді. Анығын айтқанда, Түркиядан Грузияға, кейін Ресейге өтіп, Татарстан арқылы Қазақстанға жетпек.

Пікірлер