Түрік отбасы автобуспен көшпенділер ойындарын көруге келе жатыр (ВИДЕО)

1080
Adyrna.kz Telegram
Сурет: travelpress.kz
Сурет: travelpress.kz

Ерлі-зайыпты Бурак Дуран мен Идил Дуран жеке автобусымен Дүниежүзілік көшпенділер ойынын тамашалау үшін Анкарадан Астанаға жолға шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, түрік отбасы Астанаға дейін 5400 шақырым жол жүреді. Анығын айтқанда, Түркиядан Грузияға, кейін Ресейге өтіп, Татарстан арқылы Қазақстанға жетпек.

Бұл олимпиада ойындары сияқты ауқымды жарыс. Сондықтан көшпенділер ойыныны мен оның қатысушыларын әлемге көрсету керек. Доданың биыл Қазақстанда өтетінін естіп, неге «Көшпенді» деп аталатын автобусымызбен алыс саяхатқа шықпасқа деген ой келді. Түркиядағы жерлестерімізге Қазақстанға бара жатқанымызды айтқанда қатты таңғалды. Біз отбасымызбен спортшыларымызға жанкүйер болып, қолдау білдіргіміз келеді. Автобусты баспана ретінде арнайы жабдықтау үшін 3 жыл кетті. Қазір Грузияға ат басын тіредік. 2 жасар ұлымызбен бірге бүкіл Орталық Азияны аралаймыз. Осы тұста көзіме жас келіп, біраз толқып тұрмын. Өйткені біз бауырлас халықпыз, Қазақстан — біздің ата жұртымыз»,—дейді Идил Дуран.

Айта кетейік, түркі әлемі көз тіккен көшпенділер ойыны кезінде Елордаға жалпы 100 мыңнан астам турист келеді деп күтіліп отыр. Осыған орай 20-дан астам қонақүйдің, сондай-ақ туристер жиі баратын орындардың дайындығы пысықталып, қала көшелерін абаттандыру, безендіру қарқынды жүргізіліп жатыр.

<

Пікірлер