"Жараланғандар бар". Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды

2118
Adyrna.kz Telegram
Фото: rusdialog.ru
Фото: rusdialog.ru

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Бұл туралы Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдеді.

Сағат 12:20 шамасында Баткен облысы Лейлек ауданындағы Ақ-Босого ауылы маңында Қырғызстан шекарашылары мал жайып жүрген тәжік шопандарын анықтаған.

Қырғызстанның ұлттық комитетінің мәліметінше, Тәжікстан азаматтары әскери қызметкерлерге тас лақтыра бастаған. Артынша шопандардың бірі шекарашыларға екі-үш оқ атқаны анықталды.

«Қақтығыстың одан әрі өршуіне жол бермеу үшін қырғыз шекарашылары әуеге ескерту оқтарын жаудырды, содан кейін шабуылдаушылар Тәжікстанға қарай шегінді. Қырғызстан шекарашылары арасында зардап шеккендер жоқ", - деп түсіндірді Қырғызстан Республикасы департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, тәжікстандықтардың бірі жараланған. Толық мәлімет әлі жарияланбаған.

Екі жақтың шекара қызметкерлері жақын күндері кездесіп, оқиғаны талқылайды деп күтілуде. Қазір шекарадағы жағдай тұрақты деп бағаланған.

Пікірлер