Қырғызстандағы қақтығыстан соң бірнеше пәкістандық шекарадан заңсыз өтіп кетпек болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24kg-ға сілтеп.
Басылымның бүгін жариялаған деректерінде хабарланғандай, «Васильевка» шекара заставасының жауапты аумағында түнгі рейд барысында Қырғызстанның Қазақстанмен мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған Пәкістанның алты азаматы ұсталған.
Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алты шетелдік Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, 17 мамыр күні кешке Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық басталған. Артынша 19 мамыр күні Пәкістан өз студенттерін елден алып кеткені туралы жазған болатынбыз.