Қырғызстан шетел азаматтарына жаңа талаптар енгізді

1028
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kg
Фото: 24.kg

Қырғызстан шетел азаматтарына жаңа талаптар енгізді. Бұл туралы Қырғызстан цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Бұл елде жұмыс істеуге, оқуға немесе бизнеске қатысы жоқ жеке себептер бойынша 60 күннен артық болуды жоспарлап отырған азаматтар үшін жаңа тәртіп енгізілген. Енді тіркелу үшін оларға сапардың мақсатына байланысты республикада болу құқығын растайтын құжат қажет болады", - деп хабарлады Қырғызстан цифрлық даму министрлігі.

Жаңа талаптар Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Армения, Беларусь, Грузия, Әзербайжан және Молдова сияқты визасыз режимі бар елдердің азаматтарына қатысты.

Ал ЕАЭО елдерінің (Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь) азаматтары Қырғызстан аумағында 90 күнге дейін тіркеусіз жүре алады.

Пікірлер