20 жыл бұрын жоғалып кеткен қырғызстандық азамат әлі табылмай жатыр

1660
Adyrna.kz Telegram

20 жыл бұрын жоғалып Қырғызстан азаматы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оторбаев Бақыт есімді азамат Қырғызстанның тумасы. Ол 1974 жылы Ыстықкөл облысы, Тон ауданы, Алабаш ауылының тұрғыны екені белгілі болды.

Редакциямызға жоғалған азаматтың қарындасы хабарлама берді.

“Сізге хабарласқан себебім, жоғалған ағамды іздеп жатырмыз. Қазақстандағы құлдық туралы мәліметтер бар. Бірақ анықталмаған. Оның Қазақстанда жүргеніне 1 жыл болды деген ақпарат тарады”, - делінген бойжеткеннің хабарламасында.

Азаматты көрген-білгендер болса ‪+996 709 827 172‬ нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Пікірлер