Бүгін, 16 қантар күні Медеу аудандық сотында Ғалымжан Жақиянов пен Төлен Тоқтасынов арасындағы “Достар дауының” қорытынды соты болды. Нәтижесінде Төлен Тоқтасынов жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айта кетейік, Төлен Тоқтасынов пен Ғалымжан Жақиянов ертеден бері жақсы араласқан белгілі тұлғалар. 2000 жылдардың басында халықтың сөзін сөйлеген тұлғалар. Екеуі 30 жыл дос болып, бірге жүріп, біраз жыл жұмыс істеген. Бірге компания басқарып, кейін Тоқтасынов өз үлесін Жақияновқа сатқан. Ал Жақиянов келісілген ақшаның біраз бөлігін төлегеннен кейін, досын «алдады» деп, арыз жазған. Біз бұған дейін де екі дос арасындағы «даудың» қалай басталғанын жаздық.
Бүгін Медеу аудандық сотында болған қорытынды сот нәтижесінде Ғалымжан Жақияновтың Төлен Тоқтасынов пен оның жұбайы Алма Тоқтасыноваға қойған талабын қанағаттандырмады.
"Бүгін Медеу аудандық соты шешімін шығарды. Біздің жеңіспен аяқталды. Жақиянов арамызда болған келісімшартты жоққа шығармақшы болды. Дегенмен, сот оны қанағаттандырмады”, - деді Төлен Тоқтасынов.
”Адырна” ұлттық порталы