Бүгінгі күнді Палестина елі туралы ақпараттарды қарауға арнадым. Деректі фильмдер қарап, мақалалар оқыдым. Пікірлер әртүрлі. Бір-бірін жоққа шығарады. Өз басым Палестина деген елдің өзі “қолдан жасалған ел” деген ой түйдім. Еврейлердің Рим имериясы тұсында сол жерден кетіп, Екінші дүниежүзлік соғыс кезінде және соғыстан кейін айтарлықтай бір бөлігі сол жерге қайта шоғырлана бастағанын білеміз. Еврейлердің үлкен бөлігі АҚШ-қа аттанған еді. Бұл Германиядағы еврейлер геноцидімен тікелей байланысты жағдай.
Палестина негізінен географиялық атау. Ал негізгі халқы сол жердегі жұтылып, арабтанып кеткен еврейлердің өздері, түрлі аз ұлттар. Арабтанып кеткен соң олар әлбетте арабтар жағында. Бүгінде олар “Палестиналық арабтар” атпен белгілі.
Ежелде бұл аймақта Филистимляндар атты ел Інжілде аталады. Палестин жұрты өздерін сол филистимляндармен байланыстырады. Бірақ генетикалық зерттеулер оларды қазіргі батыс еврейлері ретінде көрсетеді.
Бұл Оралық Азияның жазық даласы емес, алақандай жерде аз ұлттар мидай араласып кетері өз-өзінен түсінікті ғой.
Палестина елі болмаған дегенге қандай деректер ұсынылады?
- 1967 жылға дейін палестиндер деген ел жайлы еш жерде ресми дерек аталмайды;
- Палестиндердің өзіндік мәдениеті, тілі жоқ, нақырақ айтқанда, мәдени тұрғыда мұсылман Мысыр, Ливан, Иордан елдерінен еш айырмашылығы жоқ;
- Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін ол аймақта араб тіліндегі “Оңтүстік Сирия” атты газет шығып тұрған.
“Палестина деген ел жоқ, ол - Сирия елінің бір бөлшегі” деп айтқан Сирия экс-президенті Хафез Асадтың сөзінің жаны бар.
Тәуелсіздігі кей мемлекеттер тарапынан толық мойындалмағандықтан автономиялы ел болып отырған Палестина елінде арабтар (таза араб екеніне күмән бар), самаритяндар және еврейлер тұрып жатыр. Жартысынан көбі соғыстан қажып шетел асып үлгерген. Қазіргі сонда қалған жұрт 4.5 млн шамасында.
Жақында палестиндіктерді қасындағы көрші, тілі мен діні бір араб елдері қабылдамай жатқанын ақпараттардан оқыдық. Не себепті? Мәдени тұрғыда арабқа айналған бұл елдер палестиндіктердің түбі өздерінен басқаша ел екенін жақсы білетін болар. Одан бөлек, Сауд Арабия сияқты елдер жергілікті “Хамас” сияқты ұйымдарын айдап салып, Палестина халқын отқа айдап отыр. Құрбандық ел ретінде ойнатып, біреудің қолымен от көсеуде.
Палестиналықтар мен еврейлердің қан жақындықтары 85 пайызға жуық деп көрсетеді генетиктер. Ал еврейлер мен арабтардың да туыстығы осы шамалас. Семиттік тіл тобындағы елдер. Діни алауыздығы болмаса, бір шаңырақтың астында бірігіп өмір сүре алар ма еді, кім білсін?
Ирусалим - иудаизм ғана емес, христиан мен ислам діндері үшін де қасиетті қала саналады.
Абрамистік туыстас осы үш діннің де тоғысқан жері, атап айтқанда, үш діннің де ежелгі ғибадатханалары осында пайда болған. Хадистер бойынша, Ирусалимдегі Аль-Акса мешітіндегі жасалған 1 намаз - 500 намазға тең.
Айта кету керек, Крест жорығы да осы Ирусалимдегі ғибадатха - Иса пайғамбар (“Құдай қабірі” деп те атайды) жерленген жерді мұсылман селжұқтардан құтқаруға бағытталған еді.
Қарап отырсақ, бұл “қасиетті жер” үшін соғыс еврейлердің даңқты патшасы Дәуіт жаулап алып, орталық еткеннен бастап үздіксіз жүрген екен.
Еврей ұлты сол заманда дінді туризм ошағы және тиімді бизнеске айналдыра біліпті. Рим империясын орталықтандырып, күшейтуге бағытталған христиан діні өкілдері алыстан ат арытып Ирусалимге келіп, ғибадат жасаған. Жап-жақсы табыс та тапқан. Мұсылмандар Меккеге барып, қажылық өтейтіні тәрізді. Айтпақшы, әлгі Ирусалимдегі аль-Ақса мешітіне мұсылмандар да баруға құштар.