Әкімдерді сайлауды 15 жылдай бұрын бастағанда...

720
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vypO3IvOTmqnZuDeAc9EsIbcQ81ztVqgQ91q3yUK.jpg

Аудан әкімдері сайлауына мораторий қоюды бір қадам кері кету деп есептеймін.

Халыққа сайлау мәдениетін үйрету үшін кемі 4-5 сайлау циклі керек. 

Ал кейбіреулер ішінара өткізілген бір сайлаудан кейін "ақтамады" деп тоқтата салмақ... Әкімдерді сайлауды бұдан 15 жылдай бұрын бастағанда бүгінге дейін тұрғындар сайлау мәдениетіне машықтанып қалар еді.

Алғашқы сайлауларда бағдарламасын оқымай-ақ руласына (жүздес, тайпалас, аталас, ауылдас т.с.с.) дауыс берген сайлаушы бірнеше сайлау циклінен кейін, ешкімнің ешкімге ештеңе бөліп бермейтінін түсініп, келесі сайлауларда үміткердің жеке репутациясын шұқшиып зерттеп, бағдарламасын астын сызып оқып, жан-жақты мүмкіндіктерін есептеп барып қана өз таңдауын жасайды...

Өмір Шыныбекұлы

Пікірлер