«Індет тарау қаупі бар». БҰҰ Газа секторының тіршілікке жарамсыз болып қалғанын айтты

1803
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rtvi.com
Сурет: rtvi.com

Әскери қақтығыс болып жатқан Газа секторы 3 ай ішінде адамның өмір сүруіне жарамсыз аймаққа айналды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәліметке сүйенсек, аймақта қарулы қақтығыстан бөлек, түрлі індеттің жаппай таралу қаупі күшейген.

ЮНИСЕФ Газада азық-түлік тапшылығынан ашаршылық күшейіп, балалар қатты зардап шегіп жатқанын айтады. Бүгінде Газа аумағында медициналық жағдай да нашар. 36 аурухананың тоғызы ғана жұмыс істеп тұр. Бірақ олардың барлығы өңірдің оңтүстігінде орналасқан

Пікірлер