Израйльдің әуе-қорғаныс күштері Сирияның Дамаскден 40 шақырым оңтүстікте орналасқан Эль-Кунейтр провинциясына зымырандармен жойқын соққы берді. Бұл жайында "SANА" ақпараттық агенттігі хабарлады.
«Аль-Хадас» телеарнасының хабарлауынша, зымырандар Сирияның Джабата-эль-Вуд қаласының маңындағы елді мекендерді нысанаға алған. Бұл әскери операция шииттерден құралған «Хезболла» жасақтарын жою мақсатында іске асқан.
Зымырандармен жасалған соққыдан Латакияда орналасқан дәрі-дәрмек қоймалары жойылып, бірнеше адам қайтыс болды. Жараланғандар ішінде бір әйел мен бала бар.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Бұл бізге бейбітшілік әкеледі". Зеленский жаңа "Рута" зымыранының сынақтары сәтті өткенін мәлімдеді
