Павлодарда мектеп оқушыларын алып кетпек болған ер адам 10 тәулікке сотталды

1904
Adyrna.kz Telegram

Павлодар қаласында 1-ші сынып оқушыларына боқауыз сөз айтып, мектеп ауласынан алып кетпек болған ер адам сотталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Бұл оқиға 14 қыркүйек күні қаладағы Кенжекөл орта мектебінің ауласында болған.

Павлодар қалалық Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында күдікті өз кінәсін толық мойындағаны айтылды. Оның теріс әрекеті учаскелік полиция қызметкері мен куәгерлердің айғақтарымен дәлелденген. Бұл туралы ресми хабарламада:

"Сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған.

Алайда сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Кенжекөл мектебінде мас ер адамның 1-сыныптың екі оқушысын алып кетуге тырысқаны туралы ақпарат тараған еді. Жәбірленуші балалардың анасы оқиғаны видеоға түсіріп, желіге жариялаған.

Видеода ата-ана облыс әкімі және білім беру басқармасынан мектептерге күзет қоюды сұраған болатын.

Пікірлер