Ішімдіктен соң. Ер адамның мәйіті өз үйінен табылды

1322
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстанда өз үйінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

БҚО Полиция департаменті оқиғаның 3 ақпан күні болғанын айтады. Бәйтерек ауданы Достық ауылында ер адамдар жанжалдасып, даудың соңы өліммен аяқталған.

Шамамен сағат 09.00-де өз үйінен көптеген жарақатпен ер адамның мүрдесі табылды. Алынған іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 1990 жылғы тұрғын анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша арақ ішу барысында ер адамдар арасында жанжал шыққан. Күдікті кінәсін мойындап, жауап берді. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.

Пікірлер