Түркістан облысы полицейлері Ордабасы ауданында болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Олар тоған ішінен мәйіті табылған жасөспірім қызды өлтірді деген күдікпен 11-cынып оқушысын қамауға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Күдікті ретінде танылған 11-cынып оқушысының полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынғаны хабарланды.
Қазіргі уақытта полиция жан түршігерлік жайттың жай-жапсарын анықтауға кірісті. Тергеу ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі “Адам өлтіру” тармағы бойынша жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, қыршын кеткен жасөспірімнің оқиғасын жіті анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісін Түркістан облысы полиция департаменті басшылығы жеке бақылауға алғаны айтылды.
"Адырна" ұлттық порталы