Қостанай облысындағы егіндіктерді шегіртке жеп қойды

2239
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысының Наурызым ауданындағы егістік алқаптарын шегірткелер басып алды. Жәндіктер егіндіктерге орасан зиян әкелуде. Желіде бұл туралы видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Биыл бізде егін жинау қиын. Себептердің біріншісі – 10 мың гектарға жуық жерді таптап кеткен еліктердің проблемасы. Ал қазір шегіртке. Биыл 10500 гектар жерді алып тастадық, қалғанын шегіртке жеп қойды.

Бұл мәселеде бізге ешкім көмектеспейді, әртүрлі органдарға жүгіндік. Кеше бір бөлімше келді, оның өзінде қажетті химиялық заттары жоқ, ұшақта жанармай жоқ. Еліктен қорғанып, шөп шаба алмадық, енді оны шегіртке жеді. Қыста малға не беретінімізді білмейміз. Шаруашылығымызда 200 бас мал бар, оны не істеуіміз керек?Бұл мәселені қайда шешуге болатынын білмеймін", - деді шаруа қожалығының басшысы.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар егістіктен түсірілген кадрларды жариялауда. Халық қоғам мен жергілікті биліктен жауап күтеді. 

Көлік жүргізу мүмкін емес! Бұл сұмдық, тіпті аударылып кетуің мүмкін, - дейді кадрдағы ер адамдар.

 

Пікірлер