Қостанай облысында алаяқтыққа қатысы бар 16 жасөспірім ұсталды

827
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vRCsMswTONXH8LYpUvDTQVGeLgYjOb5D11PGOLTj.webp

Қостанай облысында 16 жасөспірім қылмыстық схемаға қатысқаны үшін ұсталды. Олардың бірі — Лисаков қаласының 18 жастағы тұрғыны, жаңа SIM-карталарды жеткізіп отырған. Бұл нөмірлер жалған аккаунттар ашуға пайдаланылып, қазақстандықтарды алдау мақсатында қолданылған, деп хабарлайды «Адырна».

Тінту кезінде оның үйінен 21 телефон, 48 SIM-карта және модем тәркіленді. Алаяқтардың ісінен Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай және Семей қалаларының тұрғындары зардап шегіп, шығын көлемі 80 млн теңгеден асты.

Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай және Семей қалаларының тұрғындары зардап шеккен 5 қылмыстық іс бойынша келтірілген шығын 80 миллион теңгеден асты.

Азаматтар нөмірлердің жалған тұлғаларға тіркелгенін білмесе де, ақша аударып отырған. Тергеу барысында полиция 17-20 жас аралығындағы тағы 15 жасөспірімнің осындай заңсыз әрекеттерге тартылғанын анықтады.

Кәмелетке толмағандардың қылмысқа қатысқаны үшін тек өздері ғана емес, ата-аналары да қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Пікірлер