Тойға келген қонақтар жаппай уланып, ауруханаға түсті

609
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bOUfEfwV1HD9hNQb7IevXCmHxMcGgJtZPAXcM4g9.jpg

Қостанай облысының Арқалық қаласында тойға барған қонақтар жаппай тамақтан уланып, 85 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мерейтой өткен мейрамханада тамақ ішкендердің барлығында улану белгілері байқалған. Науқастардың арасында жеті бала бар. Үш адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

«Талдау нәтижелері әзірге дайын емес. Белгілі болғандай, бұл кафе күнделікті жұмыс істемеген, тек банкеттік шараларға қызмет көрсеткен. Қылмыстық кодекстің “санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу” бабына сәйкес іс қозғалды. Сонымен қатар облыстың бас мемлекеттік дәрігері мейрамхананың қызметін тоқтату туралы шешім шығарды», – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова.

Қазір оқиғаның нақты себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.

Пікірлер