КАМОЛИДДИН РАББИМОВ: Бұл үндеу «Путин әкамыз арнайы операция жүргізіп жатыр» дегендерге жақсы жауап болды. Путин мұндай қауіп-қатерге тап болған емес.

2260
Adyrna.kz Telegram

Кеше, 26 маусым күні кешқұрым В. Путин Ресей халқына үндеу жасады. Амалсыз әрекет. Азапты әрекет. Жүзі күңіренген. Қабақтары түскен. Құдды Иван Васильевичтің швед елшісіне қабағын түйіп тұрғандай, салмақты еді...

*
Пригожин Ростовты иеленіп, Мәскеуге келе жатқандағы үндеуінде Путиннің өңі бозарып, көгеріп, дауысы бәсең, еңсесі бос еді. Бірақ бұл жолы еңсесі жоғары болды. Өйткені Пригожин Мәскеуге келе жатқан жоқ. Кремль аман.

*
Путин Пригожиннің ісін «шантаж», «сатқындық», «ішкі бүлік», «әскери бүлік» деп атады. Халқымыз бір болып қарсы тұрдық деді. Конституциялық құрылысты сақтап қалдық деді. Мемлекетті сақтап қалдық деді.

*
Бұл үндеу «бәрі Путин әкамыздың өзі жоспарлағандай», «Путин әкамыз арнайы операция жүргізіп жатыр» дегендерге жақсы жауап болды. Путин бүлікті мойындап, оны үлкен қауіп деп атады. Расында, Путин билікте болған 23 жыл ішінде ешқашан мұндай қауіп-қатерге тап болған емес. Бір нәрсеге ұшырай жаздады...

 

Камолиддин Раббимов

Пікірлер