Путин Украинадағы атысты тоқтату туралы шешім шығарды

4125
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин Қорғаныс министрлігіне 6 қаңтар күні сағат 12:00-ден 7 қаңтар күні сағат 24:00-ге дейін Украинадағы майданның барлық желісі бойынша атысты тоқтату режимін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл уақытта православиелік Рождество мерекесі болады.

Мемлекет басшысы қарсы тарапты да екі күндік бітімге шақырды.

«Православие дінін ұстанатын азаматтардың көп бөлігі соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтарда тұратынын негізге ала отырып, біз украин тарапын атысты тоқтатуға шақырамыз»,— деді Кремльдің баспасөз қызметі.

Пікірлер