Aлексей Навальныйдың жақтастары, Ресей қалаларының орталықтарында жинала алмады. Күткен мыңдаған адамның орнына 70-80 адам ғана жиналды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл туралы Самат Нұртаза өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
Навальныйды қолдаушылар саны айтарлықтай көп болмады. Магаданда - 40 адам, Сахалинде - 50, Камчаткада - 40, Хабаровскта- 190, Бурятия республикасында 11 адам, Алтай республикасында 1, ал Чечен республикасында ешкім жиналмады.
"Путин жеңген сияқты. Владимир Соловьев қуанып, барлық арналадан оппозицияны мазақтап жатыр. Губернаторлар өз аймақтарында Навальныйдың иісін жойып жатыр", деп жазды Самат мырза парақшасында. "Осындай темппен кете берсе, Ресейде 2032 жылға дейін ештеңе өзгермейді. 2032 жылы В.Путин 80 жасқа толады. Ал егер алдағы 10 жылда Ресейде ештеңе өзгермесе, онда Қазақстанда да айтарлықтай саяси дүрбелең болмайды деп толық айтуға болады", деп қосты ол.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Путиннің шақыртуымен Мәскеудегі Жеңіс шеруіне 6 елдің басшысы барды. Арасында Қасым-Жомарт Тоқаев та бар
Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссия отырысы
