Абайдағы төтенше жағдай. Министр тек Президент айтқан соң қозғалды

3572
Adyrna.kz Telegram

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 астам адам, 168 техника жұмылдырылған. Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес, өрт ауданы 30 000 гектарды құрайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер