Ақтөбеде өрттен бір адам қайтыс болды

3490
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе қаласында тұрғын үй өртеніп, бір адам қайтыс болды, тағы бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«1 қаңтар күні 01 сағат 13 минутта 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Өтемісова мекенжайында жеке үйдің жанып жатқаны бойынша ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына 24 адам 4 техника жіберілді. Шақырту орнына құтқарушылар барған кезде жеке үйдің жатын бөлмесінде үй заттары өртенгені анықталды. Өрт 1 сағат 54 минутта ауыздықталды», - деп көрсетті Ақтөбе облысы ТЖД .

58 жастағы әйел адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға барар жолда қайтыс болды, 82 жастағы әйел адам жансақтау бөлімінде.

Өрттің жалпы ауданы 10 ш.м. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Пікірлер