Бүгін, 18 мамырда Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Есет батыр ауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің 5 шаршы метр алаңында қылтима өртенді. Оқиға орнына қысқа уақытта жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ маршы арқылы 15 адамды эвакуациялады. Олардың 4-еуі бала. Зардап шеккендер жоқ»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, өрт толықтай 19 минут ішінде жойылды.