СNN: Каспий арқылы Иран қаруын Ресейге тасымалдайтын "жасырын жол" табылғаны хабарланды

3110
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық CNN ақпарат агенттігі Иран қаруын Ресейге тасымалдайтын "жасырын жолдың" бар болуы мүмкін екендігін бажайлады. Олар шамы сөндіріліп, Каспий теңізінің бетінде жасырын жүзген кемелердің көбейгенін анықтап, осындай тоқтамға келген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ираннан Ресейге қару-жарақ жеткізудің тіке жолы Каспиді бойлап, теңіз жолдары арқылы өтуі мүмкін. Өйткені өткен жылдың жазынан бері геопозициясын ашпай, бағытын жасырын ұстаған кемелердің саны күрт өскен. CNN кемелердің қозғалысы туралы мәліметтер мен спутниктік суреттерді талдап, сарапшылармен сөйлесуті. Ақырында мұндай "жасырын жүзген" кемелерге қару-жарақ артылғанына көз жеткізгенін хабарлады.

2022 жылдың күзінде АҚШ пен Украина билігі Мәскеудің ирандық дрондарды сатып алғанын мәлімдеді.  Мәлімдемеден кейін Каспий теңізі арқылы Ресей мен Иран кемелері бақылауға алынды.  Деректердің көрсетуінше, кеме қатынасының күмәнді тұстары көп, деп хабарлайды "Lloyd ' s List Intelligence" теңіз агенттігі. Сол күзде Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын жоюды көздеген Ресейлік әскери саясат нығайып, дрондармен жасалатын шабуылдар күшейе түскен.

Сарапшылар кеме қатынасын бақылау деректеріндегі олқылықтардың көпшілігі Иран мен Ресейдің жалауларын желбіреткен теңіз көліктерінің тарапынан болғанын атады.  Кемелердің Иран порттары Амирабад пен Энсели маңында, Еділ мен Астрахань портының жағалауларына жанасқаны айтылды.

Бұл кемелерде қандай жүк бар екенін анықтау қиынға соқса да, сарапшылар кемелерде қару болғанына батыстық барлаушылардың көз жеткізгенін де тілге тиек етіп отыр.

Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, Батыс елдерінің мұндай тасымалды тоқтатуға күші жетпейді. Себебі, бұрынғы кеңес өлкелеріне қалқыған Иран кемелерінен қауіп көріп отырған мемлекеттер жоқ.

Украина мен батыс елдері Ресейдің соғыста ирандық Shahed-136 дрондарын қолданғанын деп бірнеше рет қадап  айтқан. Бастапқыда қос ел де дрондарды сатып алып, соғысқа салудан бас тартты. Бірақ 2022 жылдың қарашасында Иран сыртшы істер министрлігі дрон тасып жатқандарын алғаш рет мойындады. Олардың айтуынша, кемелерге тиелген дрондар соғыстан бұрын да Ресейге жеткізіліп тұрған.

Суретте: Астрахань портындағы ресейлік кеме (сол жақта) / CNN

Орайы келгенде айта кетейік, Иран Каспий теңізін Қазақстанмен бірге бөлісіп отырған мемлекеттердің бірі. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Ең алып көлдің ең үлкен аумағы да Қазақстанның үлесінде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер