Трамп пен Путин Песковті шатастырды

1163
Adyrna.kz Telegram
Фото: kremlin.ru
Фото: kremlin.ru

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың телефон арқылы сөйлескені туралы ақпаратқа қатысты нақты жауап бермеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Интерфакс-ке сілтеме жасап. 

"Вашингтондағы әкімшілік өз жұмысын бастағалы түрлі байланыстар орнап жатыр. Бұл байланыстар әртүрлі арналар арқылы жүзеге асады. Сондықтан осы байланыстардың көптігін ескерсек, мен жеке өзім кейбір жайттардан хабарсыз болуым мүмкін. Сол себепті бұл ақпаратты не растау, не жоққа шығару мен үшін қиын", – деді ол.

Бұған дейін The New York Post газеті Трамптың Ресей басшысымен Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған еді.

Бұл әңгіменің қашан болғаны белгісіз. Екі президенттің неше рет телефон арқылы сөйлескені туралы сұраққа Трамп: «Мен бұл туралы үндемей-ақ қояйын», – деп жауап берген.

Трамптың айтуынша, Путин адамдардың қаза табуын тоқтатқысы келеді. Сондай-ақ, АҚШ президенті соғысты аяқтаудың нақты жоспары бар екенін мәлімдеді.

Келесі аптада өтетін Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында АҚШ вице-президенті Джей Ди Ванс Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.

Сонымен қатар, Трамп АҚШ-тың украиналық сирек кездесетін металдар мен газға қол жеткізуі үшін Зеленскиймен 500 миллион долларлық келісім жасасқысы келетінін айтты. Бұл келісім Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру шартымен жасалуы мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер