Далай Лама Ресей мен Батысты әлем елдері үшін ымыраға шақырды

3006
Adyrna.kz Telegram

Буддисттер әлемінің рухани жетекшісі Далай Лама Ресей мен Батысты ынтымақ пен ымыраға келуге шақырды. Рухани лидердің айтуы бойынша, Бұл Путиннің қолынан келетін шаруа.

Далай Ламаның айтуынша, Батыс пен Ресейдің арасындағы саяси кикілжің дүние жүзінің барлық елдеріне кері әсер етіп жатыр. Ал, Батысқа Ресейдің мұнай мен ресурсы керек, бұл ақиқат дүние. Ал, Ресейге Батыстың технологиялық, қаржылық құндылықтары керек. Олар бірінсіз бірі экономикалық, саяси мүдделерді іске асыра алмайды. Дүниенің өзі бір жүйе, оны тыныштықта, ымырада ұстау АҚШ пен Ресей сияқты алпауыт державалардың ғана қолынан келеді.

"Қалай десек те, АҚШ пен Ресей бір бірімен бәрібір қарым-қатынастарын біржола үзіп кете алмайды. Дүниенің тыныш болуы Батыс пен Шығыстың ымыраластықпен қарым-қатынас жасауында. Сондықтан адамзат баласы бір бірінің сеніміне құрметпен қарап, діни алауыздықты, саяси кикілжіңді тоқтатуды қолға алуы керек. Бұл ірі державалардың қолынан келеді", -деді.

Өз сөзінде Далай Лама Путинді АҚШ және Еуроодақтың елдерімен сауатты дипломатиялық қарым-қатынасты қалыптастырып, Батыс пен Шығыстың арасындағы мәмілегерлік пен тыныштықтың ұйытқысы болуға шақырды.

Бұл Путиннің қолынан келетінін, әрі әлем елдері үшін де пайдалы екенін, егер де Батыс пен Ресей арасындағы кикілжің тоқтамаса, үшінші дүниежүзілік соғысқа апаратынан да атап өтті.

Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер