Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы OCTAGON лигасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Тарихта алғаш рет Қазақстанда құрылған лигаға әлемнің үздік промоушні есік ашты. Біз Мақсұмның UFC-мен келісімшарт жасасқанына қуаныштымыз. Ол – OCTAGON лигасы жауынгерлері үшін ашылатын мүмкіндіктердің жарқын дәлелі»,—деді лиганың баспасөз қызметі.
Бұған дейін UFC ұйымымен Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов, Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев және Мария Агапова келісімге қол қойған еді.
Айта кетейік, жеңіл салмақта өнер көрсететін Азат Мақсұм мансабында 16 кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарынан басым түсті.