"Зейнетақы 30-50% көбейеді" - Қазақстандықтарды үміттендірген ақпарат жалған болып шықты

3025
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы 30-50% арттыру туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл хабарды жоққа шығарып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Таратылған бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан асатын еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек екендігі баяндалады.

Кейіннен роликтің авторы толыққанды мәлімет алу үшін сілтемеге өтуді сұрайды. Ресми емес ақпаратқа қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді:

«Азаматтарға тексерілмеген сілтемеге кірмеу, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз. Ақпаратты тек ресми көздерден пайдалануды сұраймыз»,– деп ескертеді министрлік.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер