Желіде Украина мен Қазақстан арасындағы серіктестік құжаты тарап кеткені айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы mk.ru сайтына сілтеп.
Украина премьер-министрі Денис Шмигалдың кеңсесі Қазақстанға сапарға дайындалып жатқаны жазылған құжаттар тарап кеткені айтылды. Дереккөзге сүйенсек, файлдарды украиндық "Берегини" хакерлері жариялаған.
Ішкі хат-хабарлардан белгілі болғандай, сапарға дайындық барысында делегацияға энергетика, металл өңдеу, тау-кен өнеркәсібі және ұшақ жөндеу салаларындағы мамандар қажет екені жазылған.