Италияның премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

2337
Adyrna.kz Telegram
Фото: Vox Espana
Фото: Vox Espana

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келмейтін болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айтуынша, Италияда болып жатқан су тасқыны салдарынан Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келмейді.

"Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқынысалдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.

Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.

Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды", - деп жазды Руслан Желдібай.

Жазбаға сүйенсек, Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған көрінеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен 22 мамыр күні кесдесу керек еді.

Пікірлер