Шымкентте халықаралық «Ұлы қазақ ойындары» атты ауқымды этнофестивал өтті

3613
Adyrna.kz Telegram
Шымкентте Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушы ретінде, қонақ ретінде де мыңдаған адамды жинаған «Ұлы қазақ ойындары» ауқымды этнофестивалі өтті. 
Іс-шара бағдарламасы әр түрлі болғанымен, басты назар ұлттық спорт түрлеріне берілді. Үш күн ішінде Шымкентте көкпар, қазақша күрес, аударыспақ, садақ ату, тоғызқұмалақ, бәйге және басқа да ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті. Тағы бір маңызды деталь: барлық сайыстарда жанкүйерлер көп болды және өте белсенді қолдау көрсетті. Сонымен қатар, көрермендер жергілікті спортшыларды да, басқа өңірлерден келген қонақтарды да жылы қарсы алды.
Айтпақшы, жарысқа қазақстандықтар ғана қатысқан жоқ. Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қытайдан келген спортшылар да жүлде үшін таласқа түсті. Барлығы 1000-нан астам спортшы қатысты.
Көкпардан турнирдің финалы Жамбыл облысының құрамасы мен Қырғызстан командасы арасында өтті. Біздің спортшылар матчта жеңіске жетті. Сондай-ақ, аударыспақтағы соңғы жекпе-жектер мен теңге ілу жарысын көрдім.
Фестивальдің басты оқиғасы 18 шақырымдық аламан бәйге болды. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен жиналған 30-ға жуық жүйрік пен шабандоз қатысты. Бас бәйгені Шымкенттің 12 жастағы шабондозы жеңіп алды. Мен марапаттау рәсіміне қатысып, чемпионды құттықтадым.
Жарыс Бозарық ауданындағы жаңа ипподромда ұйымдастырылды, ипподромның ашылуы «Ұлы қазақ ойындары» басталғанға дейін өтті. Айта кету керек, нысан өзіне жүктелген тапсырманы өте жақсы орындап, ірі халықаралық жарыстарды қабылдауға дайын екенін дәлелдеді. Бұл біз үшін өте маңызды, себебі Мемлекет басшысы 2024 жылы елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер