Шымкентте полицей тұрғын үй алуға адамдарды заңсыз тіркеген

1659
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының прокурорлары әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу фактісі анықталды.

Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабының 2-1-бөлігінің негізінде СДТБТ-ге тіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды»,—делінген хабарламада.

Көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденді. Ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды.

Сонымен қатар тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.

Пікірлер