Республика күні қарсаңында Отырар ауданында «Тарихқа тағзым-ұрпаққа аманат» жалпыұлттық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында аудан тұрғындары, еріктілер мен ұйымдастырушылар қатысып, қоғамдық аумақтарды тазарту және елді мекендердің көркін арттыру жұмыстарына атсалысты. Сондай-ақ, тазалық шарасына 10-ға жуық техника жұмылдырылып 5 тоннаға жуық қоқыс арнайы орындарға жеткізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоғамда экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған ортақ бастама. Мұндай шараларға тұрғындардың белсенді қатысуы таза әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. 


