Батпандап емес, мысқалдап. Қазақстанда тағы да бензин бағасы өсті

149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FcLFez5gdS8x9Q52N0IXqVr8ZT3yj3UJrtuxlvi3.jpg

Қазақстандағы АИ-92 бензині қымбаттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақпан айында бензинге қойылған шекті бағаның алынған. Салдарынан нарықта отын құны өсті. Соңғы бір айда АИ-92 маркалы бензин бағасы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1-ден 4 теңгеге дейін қымбаттаған. 

Елордадағы бірқатар жанармай құю станцияларында бензин бағасы 209 теңгеден 213-215 теңгеге дейін өскен.


Ал Алматыда барлық ірі АЗС желілерінде жанармай бағасы өсті.

Ең төменгі баға 202 теңге болса, 205 теңгеге дейін өскен. Ең жоғары баға 216 теңге болып тұр.

Шымкентте бағаның өсуі байқалған. Қалада бензиннің шарықтау бағасы 205 теңгеге жетіп отыр.

 

Пікірлер