Бәдигүл деген кім?

13842
Adyrna.kz Telegram

Аты ма фамилиясы ма деген сұрақтар әлеуметтік желіде толастамады.

Мен 1970-жылы 25-мамырда Қытай Халық Респуликасының Шәуешек аймағының Шиху қаласында дүниеге келдім,  көпбалалы отбасында 12 ағайынды. Ата-анамыз мемлекет қызметінде болғандықтан бір-бірімізді қарайлап жүріп ержеттік. Мамандығым заңгер. Заң саласын таңдауымның үлкен себептері де  болды, отбасымызда заң қызметінде 8 адам жұмыс жасаған соң, бізге осы мамандық атадан мұра болып қалғандай сезімде болатынбыз.

Әкем Сыдық Қажыбек Мәруаұлы Семей облысы Ақсуат өңірінің тумасы, ақтабан шұбырынды ел қашқаш заманда ел басына күн туып ашаршылық болып жатқан сол заманның қасіреті  кішкентай бала Қажібектіде есіркей қоймапты. Енді ғана  бұғанасы қатқан 15 жастағы бала, тағдырдың тәлкегіне көнбеске шарасыз менің Әкем Қажібек.

Ел басына күн туған заман, Ақсуат өңірінің атқа мінер азаматтарын жинап атамыз Маруа Әкесі Сыдық елді бастап  ауылды аман алып қалудың жалғыз амалы Қытайға жер аудару деп шешіп, бүкіл ауылды бастап Қытайға беттейді.

Қазақ шекарасынан Қытай шекарасы арасын бөліп турған Мәсәлім тауына жеткенде арттарынан қуып қалың Орыс салдаты өкшелеп қуып жеткенде, амалсыздан елін сақтап қалуға  өздері жасақтаған ауыл азаматтарымен бірге ұлы атамыз Сыдық жазым болыпты. Ақсуат ауылының елі аман-есен Мәсәлім тауынан асып үлгірген екен, жол-жөнекей анасынан айрылып бала Қажібектің өзегі қарс өртеніп тоқтамай азаптанып жылағанын, Қазақ тағдырының адам төзгісіз қасіретін, естіп өскен менің арманым Қазақстан топырағына келіп Әкемнің туған топырағында құран бағыштау болды. Бул Әкемніңде  арманы болатын, бірақ тағдыр Әкемнің еліне оралуына мүмкіндік бермеді.

Әкем 40 жыл бойы туған топырағы Қазақстанды аңсаумен өтті, тек әредік күрсінген сәттерінде әттең деген сөзінен соң ұзақ үнсіз қалатын. 40 жылғы ақ ұрған жүрек ақыры әлсіздік таныттыда үнсіздік мәңгіге  жалғасты. 1992-жылы 24-ақпанда дүниеден озды.  Әке жаныңыз жаната болсын!!!!

1962-жыл ел қайта Қазақстанға қайтқанда Әкеммен атамыз Маруа келе алмады. КСРО өкіметі 1983-жылға дейін іздестіріп сұрау салудан жалықпаған болатын.

Балаларына өз атын беруден алаңдады, себебі өткен өмірдің бір келеңсіз кесірі тиіп кетеме деп тек азан шақырып қойған өз атымызбен қалуға мәжбүр болдық. Бұл да бір өмірдің бізге салған сынағы болар, уақыт осылайша өз талдауын жасады.

Әкемнің аманатын арқалап мен Егемен алған Қазақстанға 2000-жылы аттанып кеттім. Ендігі уақыттың кезегінде Қазақ еліне қолымнан келгенше үлесімді қосып ұрпақтарымды осы елдің топырағында өсіру.

Мақалаға қаражат сайлау қорынан төленді

Пікірлер