Халық партиясы әділ сайлауды қолдайды

12492
Adyrna.kz Telegram

11 наурызда елорда төрінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» акциясы ұйымдастырылды.

Онда Халық партиясының өкілдері мен тұрғындар қала көшелерімен жүгіріп өтті. Марафонның мақсаты қала тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен айналысуға шақыру. Сондай-ақ таяу күндері өтетін сайлауға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

– Қозғалыс – өмірдің мәні! Дәрігерлердің айтуынша, адам денсаулығының 50 пайызы салауатты өмірмен ұштасқан. Сондықтан да міндетті түрде арнайы спорттық залдарға бармай-ақ, дене қозғалысын жасаса болады, – деді Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Нұрдәулет Оразханов.

Партиялықтар 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтетінін тағы бір еске салды.

"Халық партиясы әділ сайлауды қолдайды. Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ұстанымы – Билік пен байлық халыққа тиесілі!", - делінген партия таратқан мәлімдемеде. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер