Respublica партиясы Қазақстанның екі облысында бірден жиын өткізуде

2307
Adyrna.kz Telegram

Respublica партиясы сайлауалды турын жалғастыруда, дәл қазір бір мезгілде Қазақстанның екі аймағында – Қостанай және Ақтөбе облыстарында сайлаушылармен кездесулер өтіп жатыр.

Сапардың бірінші күні Қостанай облысында халықпен кең ауқымда кездесу өтіп, оған 1000-нан астам адам қатысты. Екінші күні партиялықтар осы облыс пен еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үлес қосып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен де айналысып жүрген еңбек ұжымдарымен де дидарласты.

Атап айтқанда, біздің ұжым «МИЛХ» ЖШС-нен сапалы сүт шығаратын кәсіпорынға, «СарыарқаАвтоПром» автомобиль құрастыру кәсіпорнына және «Баян-Сұлу» ЖШС кондитерлік фабрикасына барды. Партия өкілдерімен кездесуге  осы кәсіпорындардың 300-ге жуық қызметкері қатысты.

Қостанай облысындағы белгілі «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу барысында партияның тең төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Динара Шүкіжанова дауыс беруге әрбір саналы азамат қатысуы тиіс екенін атап өтті.

«Қазақстанның әрбір азаматы дауыс беруге құқылы, және мұны назардан тыс қалдыруға болмайды! Дауыс беру күні біз тек сайлау учаскесіне барып қана қоймай, жаңа саяси күштің қалыптасуына және өзгерістер үдерісінің іске қосылуына ықпал етеміз», - деп атап өтті Шүкіжанова.

Барлық патриоттарды еліміздің болашағы алаңдатады. Сондықтан, Динара Шүкіжанованың айтуынша, сайлау бюллетенін толтыру – әр отандасымыздың азаматтық қоғамның толыққанды өкілі екенін білдіруі және ойластырылған таңдау жасағанын іске асыруы.

Өз кезегінде компанияның жетекші әйелдерінің бірі алдағы сайлауда қандай партияны қолдауға лайықты деп санайтынын айтты.

Сонымен қатар, Ақтөбеде Respublica партиясының мүшелері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар жастармен, Ақтөбе облысының спортшыларымен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесулер өткізді.

Айта кетерлігі, Respublica партиясының  сайлауалды туры барысында партия мүшелері Қазақстанның барлық өңірлеріне барып, қазақстандықтардың  өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылайды.  Қостанай облысында соңғы күндері партия қатарына кіруге 15 мыңнан астам  адам өтініш білдірді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер