Түрік инвесторы Көкшетауда ЖЭО салуға қызығушылық танытты

2858
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен түріктің «Гап Иншаат» компаниясы бас директорының міндетін атқарушы Ченгель Азиз Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кездесу барысында Ченгель Азиз компания республикадағы инвестицияларын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Оның айтуынша, Көкшетау қаласында жылу электр орталығын (ЖЭО) салу жобасының болашағы зор.

Премьер-Министр Түркия Республикасы Қазақстан үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін, сондықтан Үкімет өзара тиімді жаңа жобаларды іске асыруды қолдайтынын атап өтті.

Бұл ретте Әлихан Смайылов ҚР Энергетика министрлігі Көкшетауда ЖЭО салу жобасы бойынша ашықтық пен бәсекелестік қағидаттарымен ашық тендер өткізетінін, оған барлық әлеуетті инвесторлар қатыса алатынын айтты.

Өз кезегінде Ченгель Азиз тендерге қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, Көкшетаудағы жаңа ЖЭО-ның электр қуаты 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ.

Жобаны қаржыландыру тендерде жеңіп шыққан инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Пікірлер