Мақпал Жүнісова үшем босанып, көпбалалы ана атанды

1799
Adyrna.kz Telegram
Фото: medicina-peterburg.ru
Фото: medicina-peterburg.ru

Көкшетауда Мақпал Жүнісова есімді әйел үшем босанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы aikyn.kz.-ке сілтеп.

Әнші Мақпал Жүнісовамен аттас әйел Зеренді ауданына қарасты Гранитный селосында тұрғыны. Ол көпбалалы ана атанды.

"Мен, Мақпал Жүнісова үшем босандым. Жүктілік кезінде жанымда болған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Жүктіліктің 35 айында босандым, бәрі қалыпты өтті. Әрине, соңғы айда қиындау болды. Алғашында дәрігерлер егіз болады деген. Бірақ кейін үшем болатынын естігенде жолдасым екеуіміз қатты таңғалдық. Үйде тағы екі ұлым мен бір қызым бар. Енді, міне, Мирас, Гүлнәр және Гауһар есімді үшем өмірге келді", - дейді Мақпал Жүнісова.

Пікірлер