Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған бойжеткеннің денесі табылды. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
20 шілде күні сағат 9:50-де Әуелбеков көшесі 177 мекенжайы бойынша орналасқан №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы ақпарат 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.
«Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзін өзі өлтіруге жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде»,— деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.