Ираннан Түркияға бағытталған зымыран. Ердоған қатаң ескерту жайлы айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SjgSQcYg1fqj6sk9sy03EHDNs4Fk3ZQoGL2aNERN.webp

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ираннан ұшырылған баллистикалық зымыранның Түркия әуе кеңістігінде залалсыздандырылуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Report агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол елдің аталған оқиғаға байланысты НАТО одақтастарымен бірге барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын мәлімдеді.

«Аймағымыз күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқан уақытта біз болып жатқан оқиғаларды кездейсоқтық деп бей-жай қалдырмаймыз. НАТО-дағы одақтастарымызбен тығыз кеңес өткізіп, барлық қажетті шараны қабылдап, талап етілген әрекеттерді дереу жүзеге асырамыз. Түрік тарапынан осындай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін барынша қатаң ескерту жасалды»,-деді Ердоған.

Еске салайық, 4 наурызда Түркия Иранның баллистикалық зымыранын атып түсірген еді.

 

 

Пікірлер