Жамбылда ірі жол апаты кезінде көліктен шығып үлгермеген қыз тірідей жанып кетті

5305
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Жамбыл облысында ірі жол апаты болып, көліктен шыға алмай қалған бір жолаушы тірідей жанып кетті. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жеткенше  көлік  күлге айналған деп хабарлайды, “Адырна” ұлттық порталы Аstanatv-ға сілтеме жасап.  

Жантүршігерлік жағдай Шу қаласында болған.   Бір мезетте 6 көлік соқтығысқан көрінеді. Куәгерлердің  айтуынша,  «Мерседес-бенц» автокөлігі қатты жылдамдықпен жүйткіп кеп,  бұрылғалы тұрған Фольксфаген Гольфқа  соққан. Онымен қоса, сол жерде тұрған тағы бірнеше көлік бүлінді. Көлік иелері мен  бірнеше жолаушы түрлі  жарақатпен ауруханаға жеткізілген.  Ал  жолаушылардың бірі-21 жастағы қыз  көлік ішінен шыға алмай қалып, өртеніп кетті.

 «Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар тиісті сараптама реті тағайындалды. Қазіргі уақытта Мерседес-Бенц маркалы автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Жамбыл облыстық ПД бастығының орынбасары Жасұлан Танкеев.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер