Алматыдағы әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып кетті. Қайғылы оқиға 25 наурыз күні түнгі уақытта болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесі қиылысында жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Зардап шегуші оқиға орнында қаза тапқан.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, 21 наурыз күні дәл осы әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болып, 3 адам қаза тапқан еді.
Ұқсас жаңалықтар
