Қарағанды облысында 7 автокөлік соғысып, ірі жол апаты болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға 2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1353-1425 шақырымында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Зардап шеккендер жоқ.
«Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.
Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауларын сұрайды.