Венецияда автобус көпірден трассаға құлап, 20-ға жуық адам қаза тапты. Олардың арасында екі кішкентай бала болған, - деп хабарлайды "Адырна" порталы Mash басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін автобус қоршауды бұзып өтіп, 10 метрдей жерге ұшып, электр сымына тиіп, жерге соғылып, әп-сәтте отқа оранған. Ол метанмен жұмыс істегендіктен, кейбір адамдар тірідей өртеніп кетті.
Апат Венецияның материктік кварталы Местре қаласында болды. Италияның ANSA ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 40-қа жуық адам жарақат алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram