Қазақстан әскері туралы жалған ақпарат тарады

237
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tFfuE0qsT0KFP5l20eOaQFXSmohnkH0hdwC6EMtI.webp

Қазақстанның арнайы операциялар күштерінің оқу-жаттығулары түсірілген видео шетелдік әлеуметтік желілерде жалған ақпаратпен таралып жатыр, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы ескертті.

Орталықтың мәліметінше, бейнежазбаға шет мемлекеттер арасындағы текетіресті бейнелейді деген жалған сипаттама берілген.

Қазақстан қорғаныс министрлігінің түсіндіруінше, видеода 2026 жылғы маусым мен тамыз аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында өткен арнайы операциялар күштерінің оқу-жаттығу жиындары көрсетілген. Іс-шаралар жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.

Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланымдарды бөліспес бұрын ақпараттың бастапқы дереккөзін және контекстін тексеруге шақырды.

Бұған дейін Threads әлеуметтік желісінде Қазақстан қарулы күштерінің халықаралық оқу-жаттығулардан кейін тұрақты орналасу орындарына қайтпағаны айтылған әскери техникаға қатысты жазбалар қызу талқыланған еді.

Пікірлер