Әлеуметтік желілерде соңғы күндері «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген сөздерді ақын Мұхтар Шаханов айтқан деген ақпарат кеңінен тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Осы тұста ақынның келіні желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.
"Мен Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде,әлеуметтік желіде Ата жарияланған видеоға байланысты ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айырылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе,біреу түсінбейді. Қазіргі таңда Ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар, осыны түсініңіздер! Тыныштық беріңіздер! Ұлтына өлшеусіз еңбегі сіңген, Ана тіліне өмірін арнаған Атамызды бір видеоға бола қарғап-сілеудің, қаралаудың ешқандай негізі жоқ. Мұхтар Шаханов өз Ұлтының алдында адал перзенті болып мәңгі тарихта қалатын тұлға", - деп жазды Шахановтың келіні Жаңагүл Өмірбекова.

