Алматы тауларынан қараусыз қалған қару табылды

84
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dle69l5SujMLLU83I0BnnvjlpXhnMe8C4evwBqk6.jpg

Алматы қаласының Медеу ауданындағы саяжай алқабынан қару-жарақ табылды. Бұл туралы аудандық полиция хабарлады, деп жариялады "Адырна.

Оқиға орнына аудандық полиция басқармасы мен полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барды. Тексеру барысында полицейлер ИЖ маркалы тегіс ұңғылы мылтықты, тапаншаға ұқсас затты және 16-калибрлі алты оқ-дәріні тәркіледі.

Қазір тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар қарудың қайдан шыққанын, кімге тиесілі екенін және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды.

Полиция азаматтарды қару немесе оқ-дәрі тауып алған жағдайда оларға қол тигізбей, дереу «102» нөміріне хабарлауға шақырады.

Пікірлер